
2026 жылғы 17 маусымда Павлодар облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Өкілдігінің бастамасымен «Өңірдегі қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған орталықтар мен пансионаттардың қызмет мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға өңірлік Сараптамалық кеңестің мүшелері, облыс прокуратурасының өкілдері, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының басшылары қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – қарт адамдар мен мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылау, көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік бақылау тетіктерін жетілдіру болды.
Отырыс барысында Павлодар облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі И.В. Тарасенко өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары мен қарттар және мүгедектігі бар адамдарға арналған жекеменшік пансионаттарға жүргізілген жоспарлы мониторингтік барулардың нәтижелері туралы ақпарат берді. Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған оң тәжірибелермен қатар, мекемелердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, кедергісіз орта құру, санитариялық-тұрмыстық жағдайларды сақтау және қызмет алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар проблемалық мәселелер атап өтілді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметін лицензиялау мәселесі бойынша Павлодар облысы бойынша Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы А.М. Мұхамедова баяндама жасады. Қатысушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қызметін лицензиялау бөлігіндегі заңнама талаптары, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ кедергісіз орта құруға бағытталған шаралар түсіндірілді.
Талқылау барысында дөңгелек үстелге қатысушылар әлеуметтік қорғау ұйымдарының жұмысын жетілдіру, арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын бақылау жүйесін дамыту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту жөнінде пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/1242655?lang=ru

Жауап қалдыру