
Мемлекет басшысы 2026 жылғы 19 мамырда қол қойған Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” жаңа Заңы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Осыған орай, Алакөл ауданы мәслихаты аппаратында мемлекеттік қызметшілер арасында жаңа Заңның негізгі нормалары мен енгізілген өзгерістерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Заңның қолданысқа енгізілу тәртібі талқыланды.
Мемлекеттік қызметшілерге Заң талаптарын түсіндіру және олардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-alakol/press/news/details/1241767?lang=ru

Жауап қалдыру