
2026 жылғы 16 маусымда Департамент басшысы А.Е. Мекебаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қызметтік міндеттерін орындау кезінде парасаттылық қағидаттарын сақтау мәселелері қаралды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңнамада белгіленген шектеулермен тыйымдарды сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілердің дербес жауапкершілігі жөніндегі шараларға ерекше назараударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау және күнделікті қызметте құқықтық мәдениетті арттыру бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1242727?lang=ru

Жауап қалдыру