Қазақстандық оқушылар әл-Хорезми халықаралық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен әл-Хорезми халықаралық олимпиадасы (KhMIO) өз мәресіне жетті. Білім додасына әлемнің 10 елінен келген дарынды оқушылар қатысып, теориялық және практикалық тапсырмалар бойынша бақ сынады.
🎯Халықаралық олимпиаданың басты мақсаты – математика мен информатика салаларындағы талантты жастарды анықтап, олардың ғылыми-зерттеу және зияткерлік әлеуетін дамыту.
🏅Қазақстан құрамасында білімін көрсеткен сегіз оқушының барлығы жүлдегер атанып, ел қоржынына төрт алтын, үш күміс және бір қола медаль салды. Осылайша ұлттық құрама 100 пайыздық нәтижеге қол жеткізді.
🥇Алтын медаль иегерлері:
Бердімұрат Ахмет – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Жанделдинов Бексұлтан – Павлодар қаласындағы «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы;
Мұхитұлы Алдияр – Алматы қаласындағы NIS-тің 9-сынып оқушысы;
Еламан Әлішер – Алматы қаласындағы РФММ-нің 8-сынып оқушысы.
🥈Күміс медаль иегерлері:
Белгімбаев Әмір – Алматы қаласындағы РФММ-нің 9-сынып оқушысы;
Ермұханов Ислам – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Жангелді Санжар – Қарағанды қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
🥉Қола медальді Павлодар қаласындағы «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Ғаллам Әлішер жеңіп алды.
👨🏻‍🏫Ұлттық құраманың жетекшілері – Алматы қаласындағы №165 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі Асхат Әбдікулов және IITU сеньор-лекторы Айбар Қуанышбай.
🌟Қазақстандық оқушылардың бұл жетістігі еліміздің халықаралық білім олимпиадаларындағы жоғары нәтижелерін жалғастырып, жас таланттардың әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1241878?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді