
Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді Әкелер күнімен құттықтаймын!
Әке – отбасының асқар тауы, шаңырақтың берік тірегі, ұрпағына бағыт-бағдар беретін өмірлік шамшырақ. Әке деген бір ғана сөздің өзінде қамқорлық, жауапкершілік, мейірім, қайрат пен даналық жатыр. Баланың бойындағы еңбекқорлық, адалдық, отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттердің қалыптасуында әкенің орны ерекше.
Халқымыз «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деп бекер айтпаған. Әке тәрбиесі – ұрпаққа қалатын ең үлкен мұра. Әкенің өнегелі ісі, ақыл-парасаты мен өмірлік ұстанымы баланың болашақта өз жолын табуына, елге пайдалы азамат болып қалыптасуына негіз болады.
Бүгінде ауданымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген, отбасының берекесін арттырып, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, ұлттық құндылықтарды дәріптеп келе жатқан барша әкелерге зор алғысымды білдіремін. Сіздердің адал еңбектеріңіз, өмірлік тәжірибелеріңіз бен өнегелі жолдарыңыз – қоғамымыздың тұрақтылығы мен болашағының берік негізі.
Әр шаңырақта әкенің абыройы асқақтап, бала күлкісі мен отбасы бақыты мәңгі салтанат құрсын!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке мен шаттық тілеймін!
Әкелер күні құтты болсын!
Құрметпен,
Целиноград ауданының әкімі
Дарын Сабырғалиұлы Сабырғали
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1242785?lang=ru

Жауап қалдыру