
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес 2026 жылғы 15-19 маусым аралығында республика көлемінде «Ішімдіксіз ауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейту, алкогольдік ішімдіктерді тұтыну салдарынан орын алатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесу, сондай-ақ «Ішімдіксіз ауылдардың» санын арттыру. Қызылорда облысында ауыл ақсақалдары, прокуратура, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері және белсенді жастардың бірлескен жұмысының нәтижесінде бұған дейін 39 ауыл «Ішімдіксіз ауыл» мәртебесіне ие болған еді. Жүргізіліп жатқан іс-шара барысында тағы 8 ауылдың тұрғындары алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тартты. Атап айтқанда, Жаңақорған ауданындағы Аққұм және Манап ауылдары, Арал ауданындағы Үкілісай ауылы, Қармақшы ауданындағы Алдашбай ахун ауылы, Сырдария ауданындағы Ақжарма, А.Тоқмағамбетов және С.Сейфуллин ауылдары «Ішімдіксіз ауыл» бастамасын қолдады. Нәтижесінде облыстағы «Ішімдіксіз ауылдардың» саны 47-ге жетті. Бұл елді мекендерде қоғамдық тәртіп нығайып, құқық бұзушылықтар мен қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалуда. Әсіресе тұрмыстық жанжалдар, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар және алкогольдік ішімдіктерге байланысты келеңсіз оқиғалар азайған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1242840?lang=ru

Жауап қалдыру