ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ  ОТЫРЫСЫ                                                                    ӨТКІЗІЛДІ.

 2026 жылдың 17 маусымында аудандық мәслихаттың төрағасы Бейсқали Толқын Ермекқызының төрағалығымен тұрақты комиссиялардың  отырысы өтті.

Тұрақты комиссияға аудандық мәслихат депутаттары,  округ әкімдері,  тиісті бөлім басшылары , бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатынасты.

Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:

– «Заңдылықты сақтау, депутаттық этика және қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, Аудандық  құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы есебі

– «Аудандық экономика және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес Кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың іске асыру барысы және 2025 жылға ауылдық округтердің бюджеттердің  орындалысы.

– «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, экология, әлеуметтік және қоғамдық мәселелер жөніндегі» тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, Жетім балаларға, ауыр дертпен ауыратын адамдарға, патронатты және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуді ұйымдастыру жөнінде атқарушы органдардың жұмысы туралы

Депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті жауаптар берілді.

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kyzylkogin-district/press/news/details/1242762?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді