«Рафаэльдің алғашқы кезекшілігі: патрульдік көліктегі кішкентай «инспектор»»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Рафаэльдің алғашқы кезекшілігі: патрульдік көліктегі кішкентай «инспектор»»

Кішкентай Рафаэль — нағыз зерттеуші. Екіден асқан бүлдіршін айналасындағы әрбір жаңалықты қалт жібермейді. Анасы оны шиномонтажға алып келгенде, полицияның қызметтік көлігін көріп, «Мама, «ағайлар» қайда?» деп сұрады.

Анасы үшін бұл кездесудің орны бөлек. Бұған дейін ол жолда қиын жағдайға тап болып, дөңгелегі жарылған еді. Сол кезде полиция қызметкерлері жедел көмекке келіп, құжат толтырумен шектелмей, өздері дөңгелекті ауыстырып берген болатын. Бұл оқиға полицейлердің қиын сәтте әрқашан көмекке келуге дайын жандар екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді.

Кішкентай Рафаэльдің патрульдік көлікке деген қызығушылығын байқаған тәртіп сақшылары — полиция капитаны Әли Базарбеков пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Тоқтарбеков — бейжай қалмады. Олар бүлдіршінді жылы қарсы алып, амандасып, оған қызметтік көлікте отыруды ұсынды.

Бейнежазбада көрінгендей, баланың бойындағы ұяңдық тез арада шынайы қуанышқа ауысты. Бүлдіршінге «жауапты» міндет — қызметтік рацияны ұстау тапсырылды, ал полицейлер бұл кішкентай ойынды барынша қолдады.

«Балама деген осындай ықылас пен мейірімділікке жүрегім елжіреп кетті, — дейді Рафаэльдің анасы. — Мұндай сәттер полицияның қорғауында тек қала көшелері ғана емес, біздің жанымыз бен тыныштығымыз да тұрғанын тағы бір мәрте дәлелдей түседі».

Бұл кездесу кішкентай Рафаэль үшін ұмытылмас оқиға болса, полиция қызметкерлері үшін бұл — өз қызметтерінің тек қоғамдық тәртіпті қорғау ғана емес, сонымен бірге азаматтарға, әсіресе бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау екенінің жарқын көрінісі.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1241922?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді