
Рахат ауылдық округіне қарасты «Рассвет» саяжайы тұрғындарының өтініштері негізінде Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының төрағасы Ахметов Бекет Төлегенұлының бастамасымен 2026 жылдың 16 маусым күні жұмыс сапары ұйымдастырылды.
Тұрғындардың өтініші бойынша ауыз су қысымының төмендігі, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі, сондай-ақ электр қуатының жиі өшіп қалуы және электр кернеуінің төмендеуі мәселелері қаралды.
🤝 Кездесуге Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Нұрмаханов Ертай Сүлейменұлы, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары, «Есік» аудандық эксплуатациялық учаскесінің басшысы және Рахат ауылдық округінің әкімі қатысты.
📌 Жауапты басшылар аталған мәселелермен жергілікті жерде танысып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
✅ Нәтижесінде көтерілген мәселелерді шешу бойынша нақты шаралар қарастырылып, тиісті мекемелерге тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1242858?lang=ru

Жауап қалдыру