
Жазғы сауықтыру науқаны кезінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі қызметінің басым бағыты балалар мен жасөспірімдер арасында санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, инфекциялық аурулар мен жаппай тамақтан уланудың алдын алу болып табылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалардың 14-тармағына сәйкес, маусымдық жазғы лагерьлерде балаларды сауықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар объектілерді пайдалануға беру алдында санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу ҚР ДСМ 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген тәртіппен реттеледі.
2026 жылы Жамбыл облысының аумағында 5 қала сыртындағы және 1 жыл бойы балалар сауықтыру лагерлері жұмыс істейтін болады.
2026 жылдың 11 маусымына «Жұлдыз» сауықтыру лагері (Меркі ауданы), «Балауса» балалар сауықтыру лагері (Қордай ауданы), «Таусамал» жазғы сауықтыру лагері (Жуалы ауданы) және «Берікқара (Дзержинец)» балалар отбасылық демалыс орталығы (Жуалы ауданы) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алды.
Ата-аналар! Баланы лагерьге жіберген кезде абай болыңыз.
Баласына балалар лагерін таңдағанда, ата-аналар лагерь туралы және лагерьде көрсетілетін қызметтер туралы барынша көп ақпарат алу қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1242573?lang=ru

Жауап қалдыру