Шымкентте балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балалардың терезеден құлау фактілерінің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейтілген түрде жүргізуде.

Іс-шаралар барысында тұрғындарға қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, жадынамалар таратылуда. Сондай-ақ, әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың тұрғын үйлеріндегі терезелерге арнайы қауіпсіздік бекіткіштері орнатылуда.

Соның бірі – Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қоғамдық тамақтану орындарымен бірлесіп, бір рет қолданылатын ыдыстарға QR-коды бар ақпараттық материалдарды орналастырды. Аталған іс-шараны қала аумағында үздіксіз жүргізу жоспарлануда.

QR-кодты сканерлеу арқылы тұрғындар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың абайсызда терезеден құлау оқиғаларының алдын алу жөніндегі маңызды ақпараттармен таныса алады. Бұл жұмыс халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Шымкент қаласы ТЖД ескертеді:
🔹 Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
🔹 Терезе маңына жиһаз қоймаңыз;
🔹 Москит торына сенбеңіз, ол баланы құлаудан қорғамайды;
🔹 Терезелерге арнайы қауіпсіздік  бекіткіштерін орнатыңыз.

Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік! 👶🪟⚠️

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1242726?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді