«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» «Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының» (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау аудандық мәслихаты шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары құрылатын комиссияларға қатысты жарияланған күнінен бастап 2026 жылғы 2 шілдеге дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық Заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін Айыртау аудандық мәслихатында жүзеге асырылады.
Аудандық мәслихаттың мекенжайы: СҚО Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі 44.
Аудандық мәслихат төрағасы – Әбілқайырова Гүлмира Армияқызы.
Материалдарды жинауға жауапты: Әйтімбетов Марат Зекентайұлы, аудандық мәслихат аппаратының басшысы, тел: 8(71533) 22-643, 21-902. электрондық пошта мекенжайы: maslihat123@mail.ru.
|
№ |
Учаскелік сайлау комиссиясының нөмірі |
Учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерінің бос орын саны |
|
1. |
3 |
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Айыртау аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты, Саумалкөл ауылы, Хаиров көшесі, 1. |
1 |
|
2. |
11 |
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Саумалкөл қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Саумалкөл ауылы, Б. Әшімов көшесі, 65. |
1 |
|
3. |
21 |
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Бірлестік орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Бірлестік ауылы, Байжұман көшесі, 98. |
1 |
|
4. |
34 |
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Дауқара орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Дауқара ауылы, Наурыз көшесі, 7А. |
1 |
|
5. |
39 |
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Кирилловка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Кирилловка ауылы, Абай көшесі, 38А. |
1 |
|
6. |
45 |
«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің Арықбалық ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Арықбалық ауылы, Орталық көшесі, 44. |
1 |
|
7. |
58 |
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Верхний Бұрлық бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Верхний Бұрлық ауылы, Мектеп көшесі, 13. |
1 |
|
8. |
63 |
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Нижний Бұрлық мектеп-бөбекжай-бақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Нижний Бұрлық ауылы, Мектеп көшесі, 17. |
1 |
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/airtau-maslihat/press/news/details/1242227?lang=ru

Жауап қалдыру