СУ АЙДЫНДАРЫНДА КЕЗЕКШІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аманкелді ауылдық округі әкімдігі елді мекен аумағында орналасқан су айдындарында және арнайы белгіленбеген орындарда суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады!
Су айдындары аймағындағы қауіптің алдын алу бойынша іс-шара жоспарына сәйкес, ауыл әкімшілік қызметкерлері учаскелік полиция инспекторы және №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп – лицей мұғалімдерімен бірлесіп суға шомылу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында рейд жұмыстарын жүргізуде.
Келеңсіз жағдайларды болдырмау және алдын алу бағытында ауыл тұрғындары суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін назарларыңызға саламыз.
Аманкелді а/о әкімдігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-amangeldi/press/news/details/1242238?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді