
СУДА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗ!
Суға түскен кезде (ашық су алаңдары, бассейндер, т.б.) сақтық шараларын сақтау шарт.
Балалардың судағы қауіпсіздігі туралы нені білуі керек?
— балаларды суға тек қорғаныс құралдарымен (жүзу жилеті) жіберіңіз;
— су астында жасырынып ойнайтын ойындарды ойнауына жол бермеңіз;
— су қоймасының белгісіз жерлеріне жүзуге және сүңгуге рұқсат етпеңіз, өйткені тастар мен ағаш бұтақтары жиі жарақатқа әкеледі;
— гипотермияны болдырмау үшін баланың суда болу уақытын бақылаңыз;
— судың жанында болған кезде өзіңіздің және балаларыңыздың қауіпсіздігін есте сақтаңыз!
Естеріңізде болсын! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-muratbayev/press/news/details/1242866?lang=ru

Жауап қалдыру