
Ағымдағы жылдың 11-15 маусымы аралығында Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясының қызметкерлері министрлік пен жергілікті атқарушы орган тарапынан құралған жұмысшы топ құрамымен бірге Түркістан облысының Шардара ауданы мен Қызылорда облысының Сырдария және Жалағаш аудандарына іссапармен барып, аудан әкімдерімен, ауылшаруашылығы тауарын өндірушілермен және жергілікті тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында 2026 жылдың суару науқанының қазіргі жағдайы туралы, су жеткізіп беру қызметіндегі тарифтің өсуі, арнайы су пайдалану рұқсат құжатын рәсімдеу, заңсыз су пайдалануға жол бермеу, су беру қызметінің автоматтандырылған биллинг жүйесі арқылы тұрақты суару үшін су жеткізіп беру қызметіне келісім-шартқа отыру мәселелері жайында ақпарат берді. Оған қоса суды рұқсат етілген нормасынан артық пайдаланбау, судың есебін қатаң жүргізу, су үнемдеу технологияларын қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, су пайдалану қызметіне қатысты туындаған мәселелердің шешу жолдары талқыланып, су тұтынушылардың пікірлері тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/1242107?lang=ru

Жауап қалдыру