
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Тәліпжан Тахмина Қадыржанқызы қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен жауапкершілігі туралы жан-жақты түсіндірме берді.
Кездесу барысында қызметтік әдепті сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту мәселелері талқыланды.
Департаментте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау бағытындағы жұмыстар тұрақты негізде жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1242546?lang=kk

Жауап қалдыру