ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰЖАТ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БОЙЫНША СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлері «Мекемеде жұмыс барысында түзілген құжаттарды талапқа сай жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбындағы әдістемелік семинарға қатысты.

Іс-шараны Түркістан облысының мемлекеттік архиві ұйымдастырды. Семинарға филиал басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның қалалық және аудандық бөлімдерінің фронт және бэк-офис мамандары қатысты.

Семинар барысында қатысушылар архив ісі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен танысып, құжат айналымын ұйымдастыру және архивтік құжаттарды сақтау мәселелері бойынша өзекті ақпарат алды.

Іс-шара аясында істер номенклатурасын әзірлеу, құжаттарды қалыптастыру және сақтау, олардың құндылығына сараптама жүргізу, архивтік құжаттарды есепке алу және қабылдау-тапсыру тәртібі жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар архивтік құжаттарды физикалық-химиялық және техникалық өңдеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай іс-шараларға қатысу Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін арттыруға, құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге және құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құжат айналымын тиімді ұйымдастыруға және қызметкерлердің біліктілігін тұрақты түрде арттыруға ерекше көңіл бөледі. Бұл өз кезегінде халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын одан әрі жақсартуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1241718?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді