Түсіндірме жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету және кедергісіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Қазіргі уақытта бұл бағытта 2025-2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының инклюзивті саясат тұжырымдамасы, 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасы және «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

Облыс бойынша мүгедектігі бар адамдарға инфрақұрылым қолжетімділігін қамтамасыз ету шеңберінде 2027 жылға дейін 1 120 объектіні бейімдеу жоспарланған.

2021-2025 жылдары аралығында барлығы 948 нысан бейімделді (2021 жылы-149, 2022 жылы-126, 2023 жылы-312, 2024 жылы-168, 2025 жылы-193). Аяқталған нысандардың үлесі 84,6% құрайды. 

2026 жылға қалған 172 нысанды бейімдеп, аяқтау жоспарланған (2026 жылға 121,1 млн.теңге бөлінді). Бүгінгі күнге олардың 91 нысаны толық бейімделді (52,9%).

38 нысан бойынша бейімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

  • білім саласы – 3 нысан (Панфилов – 1, Ескелді – 2);
  • мәдениет саласы – 7 нысан (Ақсу – 2, Алакөл – 2, Панфилов – 1, Сарқан – 2);
  • спорт саласы – 1 (Талдықорған – 1);
  • денсаулық сақтау саласы – 17 нысан (Алакөл – 1, Ақсу – 4, Қаратал – 3, Ескелді – 2, Сарқан – 7);
  • әкімдіктер – 8 нысан (Алакөл – 3, Ақсу – 1, Қаратал – 1, Кербұлақ – 2, Панфилов – 1);
  • басқа салалар – 1 нысан (Кербұлақ – 1).

Жүргізіліп жатқан жұмыстар мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған. Нысандарды бейімдеу кезінде кіреберістің қолжетімділігіне, санитариялық-гигиеналық бөлмелерге, навигация жүйесіне, сондай-ақ азаматтардың барлық санаты үшін қауіпсіз әрі дербес қозғалуына жағдай жасауға ерекше назар аударылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1242895?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді