Түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 16 маусымда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтау, сондай-ақ оның ережелерін қызметтік қызметте басшылыққа алу және сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.К. Баймұқанов мемлекеттік қызметшілер үшін семинар-кеңес өткізді.

Спикер өз сөзінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын жан-жақты түсіндірді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік шараларына тоқталды. Мемлекеттік қызметшілердің назарын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаудың құқықтық зардаптарына назар аударды.

Іс-шара соңында мемлекеттік қызметшілермен аталған тақырып бойынша практикалық кейстер қарастырылып, талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1241709?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді