
Қарағанды облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың жолын кесуге бағытталған ауқымды рейдтік іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде бірнеше күн ішінде полиция қызметкерлері 984 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде: 155 дерек – мемлекеттік тіркеу нөмірлері ластанған немесе стандарт талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын пайдалану; 44 дерек – мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік басқару; 30 дерек – қарсы қозғалыс жолағына заңсыз шығу; 25 дерек – жалған мемлекеттік нөмірлерді қолдану; 21 дерек – мас күйінде көлік басқару фактілері. Рейд барысында заң талаптарын өрескел елемеген жүргізушілер де анықталды. Мәселен, 12 маусым күні сағат 18:20 шамасында 15-магистраль бойында патрульдік полиция қызметкерлері Zeekr маркалы электркөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде 22 жастағы жүргізушінің өзіне тиесілі емес жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдаланғаны белгілі болды. Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылып, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік материал рәсімделді. 13 маусымда Нұра–Қарой автожолында патрульдік полиция қызметкерлері Snap-700 маркалы электрмопедті тоқтатты. Рөлде отырған 22 жастағы азаматтың жүргізуші куәлігі жоқ екені және мас күйінде көлік басқарғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Ал 14 маусым күні Абай қаласында полиция қызметкерлері 51 жастағы мопед жүргізушісін ұстады. Ол көлікті мас күйінде басқарған, жүргізуші куәлігінсіз жүрген және мопедіне жалған мемлекеттік нөмір таққан. Осы фактілер бойынша оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590 және 608-баптарына сәйкес бірнеше әкімшілік материал рәсімделді. Қарағанды облысы Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізушінің тәртібі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Құқық бұзушылықтарға төзбеушілік пен жол қозғалысы мәдениетін арттыру – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты кепілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1241828?lang=ru

Жауап қалдыру