Ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бразилиа, 2026 ж. 17 маусым – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов «NUCLEO Brasil» компаниясының Президенті Ней Занелламен кездесті.

Тараптар ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға, консалтинг, уранды барлау мен өндіруге өзара қызығушылықтарын атап өтті. Қазақстан Елшісі, Бразилия атом электр стансаларына қазақстандық уранды жеткізу бойынша екі елдің ұзақ мерзімді және табысты ықпалдастығына назар аударды.

Қазақ дипломаты сұхбаттасушыға елдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық, соның ішінде Қазақстандағы атом өнеркәсібінің дамуы, сондай-ақ Қазақстанның алғашқы атом электр стансасын салу жоспарлары жайында баяндады.

Сұхбаттасушы ү.ж. 27-29 мамырда Астанаға сапарының нәтижелері жөнінде хабарлап, оның барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен ядролық салада тәжірибе алмасуда ынтымақтастық және бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігі бойынша келіссөздер жүргізілгені туралы хабарлады.

 Кездесу соңында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен өзара мүдделік тудыратын бірқатар салалар бойынша, соның ішінде қазақстандық және бразилиялық мамандардың қатысуымен диалогты жалғастыру және қазақстандық компанияның Бразилияға сапарын ұйымдастыру жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Анықтамалық: Сан-Паулуда орналасқан «Núcleo Brasil Energia Participações» (NBEPar) жекеменшік компаниясы 2024 жылы термоэлектрлік энергетика саласында жұмыс істейтін «Diamante Group» компаниясының ядролық секторын құрылымдау үшін құрылған. Компания Бразилиядағы ядролық энергиямен жабдықтау тізбегін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік және жекеменшік компаниялармен серіктестік орнатып жатыр.

Ней Зенелла – ядролық энергетикамен айналысатын бразилиялық мемлекеттік компаниялардың (INB, Amazul) бұрынғы директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады. Бразилияда қазіргі уақытта екі атом электр стансасы жұмыс істейді: Ангра-1 және Ангра-2.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1242804?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді