
Заң мен жауапкершілік – қызметтің негізі: ШҚО ПД-да жас қызметкерлермен кездесу өтті
Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын айқындайтын құқықтық мемлекеттің берік іргетасы болып табылады.
Қазақстан полициясы күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде құқықтық мәдениет, конституциялық құндылықтар және ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқарудағы заңның рөліне арналған кездесу өтті.
Жас қызметкерлер алдында ҚАЕУ университетінің құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Савелий Мужчиль сөз сөйледі. Ол Конституцияның негізгі ережелері, құқықтық нормалардың маңызы және олардың полиция қызметіндегі практикалық қолданысы туралы айтып берді.
Полиция қызметкерлері үшін бұл тақырыптың маңызы ерекше. Қоғамға қызмет ету заңға құрметсіз, азаматтардың құқықтарын сақтамай және қызметтік міндеттерді орындауда жоғары жауапкершілік танытпай жүзеге аспайды. Заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарына адалдық – әрбір тәртіп сақшысының кәсіби қызметінің ажырамас бөлігі.
Қызметке деген адалдық Конституцияны құрметтеуден, құқықтық құндылықтарды берік ұстанудан және мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілікті терең сезінуден басталады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1241940?lang=ru

Жауап қалдыру