Жергілікті қауымдастық мүшелерінің кездесу-жиналысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Рахат ауылдық округінің жергілікті қауымдастық мүшелерінің кездесу-жиналысы өтті. Жиналыста округке қарасты 4 ауылдағы қатты тұрмыстық қалдықтарды (қоқысты) шығару мәселесі, таулы аймақта орналасқан демалыс орындарының (атпен серуендеу, қымызхана) тазалығы, Қайназар ауылының ауыз су абоненттігі бойынша, Қайназар ауылындағы тосқауыл (шлагбаум), сондай-ақ Өрікті және Рахат ауылдарын газбен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қауымдастық мүшелері өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, тиісті шешімдер қабылдау туралы шешім қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1242875?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді