
2026 жылдың 17 маусымдағы Департаментпен бекітілген тексеру тағайындау актісіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төленов Мұхтар Өтегенұлы Түркістан облысы білім басқармасына қарасты Мақтаарал ауданы, «Ж.Нұрлыбаев атындағы №49 жалпы білім беретін мектеп» КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
✔️ Тексеру барысында еңбек қатынастарының заңнама талаптарына сәйкестігі, қызметкерлерге жалақы төлеу тәртібі, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарының берілуі және еңбек заңнамасының сақталу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының маңыздылығы мен еңбек шарттарының есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕАБЖ) бойынша ақпарат берілді.
✔️ Тексеру нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптары түсіндіріліп қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
Еңбек заңнамасының сақталуы – қызметкерлердің құқықтарын қорғаудың және тұрақты еңбек қатынастарын қамтамасыз етудің маңызды кепілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1243658?lang=ru

Жауап қалдыру