
Ағымдағы жылдың 17 маусымында Департамент мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген 2025–2030 жылдарға арналған қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы бойынша семинар өткізілді.
Аталған құжат қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейін нығайтуға және азаматтардың заңдарды сақтаудың маңыздылығын терең түсінуін арттыруға бағытталған.
Атап айтқанда, Тұжырымдама қоғамдағы құқықтық мәдениеттің қазіргі жай-күйіне жүргізілген талдау негізінде заң және тәртіп идеологиясын ілгерілетудің негізгі тәсілдерін айқындайды.
Кешенді шараларды іске асыру нәтижесінде қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау саласында оң өзгерістер қалыптасып, заңдарға үстірт қарау жауапты әрі саналы көзқараспен алмастырылады деп күтілуде.
Сонымен қатар, жүзеге асырылатын шаралар халықтың мемлекеттік және құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға ықпал етеді деп болжануда.
Жалпы алғанда, мұның барлығы құқық бұзушылықтар санының азаюына, азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасының артуына, сондай-ақ еліміздің инвестициялық ахуалы мен экономикалық тартымдылығының жақсаруына алып келуі тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-almaty-district/press/news/details/1243393?lang=ru

Жауап қалдыру