2026 жылғы 18 маусымда Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 18 маусымда Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар ауданның тиімді басқарылуы мен дамуын қамтамасыз етуге бағытталған мәселелерді қарап, бекітті.

Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:

✅ 2026–2028 жылдарға арналған Тобыл кенті мен ауданның ауылдық округтері бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы;

✅ Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы;

✅ Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бағытында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб құрамына өзгерістер енгізу туралы;

✅ Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы;

✅ 2026 жылға арналған Бейімбет Майлин ауданының жер комиссиясы құрамына өзгерістер енгізу туралы;

✅ 2026–2030 жылдарға арналған Бейімбет Майлин ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту туралы.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-beimbet-maylin/press/news/details/1243347?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді