
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төраға орынбасары Г.Имашева және Ертіс бассейндік су инспекциясының басшысы М.Жәдігер ұлы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С.М. Жұманғариннің Абай облысына жұмыс сапары аясында Абай облысында ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелеріне арналған кеңеске қатысты.
Жиынға салалық министрліктер мен қаржы институттарының өкілдері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен бизнес өкілдері қатысты.
Кеңесте су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы егіншілікті дамыту бойынша жобаларды іске асыру перспективалары атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/1243452?lang=ru

Жауап қалдыру