Алакөл жағалауында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және аумақтық басқарма мамандары Алакөл жағалауында орналасқан демалыс орындары, қоғамдық тамақтану және сауда объектілерінің кәсіпкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында азық-түлік, тағам өнімдерін сақтауға, тасымалдауға және саудалауға, сондай-ақ объектілерге қойылатын санитариялық қағидалардың талаптары түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты объектілерде қажетті рұқсат беру құжаттарының болуын қамтамасыз ету, санитариялық талаптардың сақталуын бақылау, демалушылар арасында тағамнан улану жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Халықтың қауіпсіз әрі жайлы демалысы – басты назарда!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-zhetisu/press/news/details/1244169?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді