
15–19 маусым аралығында Абай облысы аумағында «Ішімдіксіз ауыл» жедел профилактикалық іс-шарасы жүзеге асырылуда. Бұл бастама – тек рейдтік тексеріс емес, қоғамның қауіпсіздігі мен саналы өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Іс-шараның басты мақсаты – алкогольдік масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту, заңсыз алкоголь айналымын тоқтату және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.
Полиция қызметкерлері мен жауапты органдар бекітілген аумақтарда жүйелі тексеру жұмыстарын жүргізіп, құқықтық тәртіптің сақталуын қатаң бақылауға алуда. Аталған шара аясында есепте тұрған 717 тұлғаның тұрғылықты жері бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.
Шара аясында 114 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Оның ішінде:
алкоголь өнімдерін сату саласындағы заң талаптарын бұзу – 7 дерек;
қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу немесе мас күйде жүру – 101 дерек.
«Ішімдіксіз ауыл» – қауіпсіз қоғамға, таза санаға және жауапты азаматтық ұстанымға бастайтын ортақ шара. Мұндағы мақсат – түсіндіру, алдын алу және дұрыс таңдау жасауға бағыт беру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1243266?lang=ru

Жауап қалдыру