
Алмалы ауылдық округінің әкімшілігінде жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы ұйымдастыруымен «Конституциялық құндылықтар – қоғам дамуының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Қазақстан Республикасының Конституциясын насихаттау, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында жастар арасында «Конституциялық құндылықтар – қоғам дамуының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында жастар өз ойларын ортаға салып, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және қоғам өміріне белсенді араласу мәселелері бойынша сұрақтар қойып, жауаптар алды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында Конституцияға құрмет сезімін қалыптастыру, патриоттық тәрбиені нығайту және құқықтық сананы дамыту болып табылады
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-almaly/press/news/details/1244273?lang=kk

Жауап қалдыру