
Алматы қаласы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде құқықтық жалпыға бірдей оқыту сағаты өткізілді.
Шара барысында Департамент басшысы Ермекбаева Г.О. қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамамен» таныстырды.
Талқылау барысында құқықтық сана мен «заң және тәртіп» мәдениетін қалыптастыру қауіпсіз әрі әділетті қоғам құрудың маңызды негізі екендігі атап өтілді. Бұл бағытта білім беру жүйесіне ерекше рөл жүктелетіні, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және кез келген құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын орнықтыру жұмыстары білім беру ұйымдарынан басталуы қажет екендігі айтылды.
Осыған байланысты Департамент қызметкерлеріне педагогикалық әдеп нормаларының сақталуын бақылауды күшейту, лицензиялау және мемлекеттік аттестаттау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру ұйымдары арасында құқықтық ағарту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу бойынша міндеттер қойылды.
Ермекбаева Г.О. мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін орындау барысында заңдылық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын сақтау маңызды екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-almaty/press/news/details/1243019?lang=ru

Жауап қалдыру