Аршалы ауданында «Қауіпсіз жол – балалар үшін» акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қауіпсіз жол-балалар үшін» акциясы аясында 2026 жылдың 15 маусымында Аршалы ауданы прокуратурасының, әкімдігінің, Ішкі істер бөлімінің және білім бөлімі қызметкерлерінің оқушылар арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған бірлескен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілер өткелі мен бағдаршамнан дұрыс өту, велосипед пен самокатты қауіпсіз пайдалану қағидалары түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.

Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз! Жол ережесін сақтайық!

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1243376?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді