Аттестат тапсыру рәсімдері мен бітіру кештерін өткізу тәртібі талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Таңат Талғатұлы Нұрмағанбетовтің төрағалығымен Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынға білім беру ұйымдарының директорлары, үштік құрамдағы ата-аналар комитеттерінің өкілдері және тойхана иелері қатысты.

Күн тәртібінде мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру рәсімдері мен бітіру кештерін ұйымдастыру және өткізу кезіндегі тәртіп талаптарын сақтау мәселелері қаралды.

Отырыста аудандық білім беру бөлімінің басшысы Шоқан Жазықбайұлы Джаулыев сөз сөйлеп, Оқу-ағарту министрлігінің білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинауға жол бермеу және бітіру іс-шараларын белгіленген талаптарға сәйкес өткізу жөніндегі тапсырмаларын түсіндірді.

Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінің КҚБ ЮПТ КТІЖ аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Жанар Сәуірбайқызы Оразбаева түлектердің қатысуымен өткізілетін іс-шараларда құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң талаптарын сақтау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиын барысында бітіру кештерін ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Түлектердің қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!
Заң талаптарын сақтау – әрбір ата-ана мен ұйымдастырушының жауапкершілігі!

https://www.instagram.com/p/DZrS3oYDPMP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1243430?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді