«Аттестат – жетістіктерге бастар алғашқы қадам»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылащы ауылдық округінде 11-сынып түлектеріне аттестат табыстау рәсімі өтті.

Мектеп қабырғасында білім мен тәрбие алып, үлкен өмірге қадам басқан 21 оқушыға орта білім туралы аттестаттар салтанатты түрде табысталды. Оның ішінде 7 оқушы қызыл аттестат иегерлері. Шара барысында мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен ата-аналар түлектерге ақ жол тілеп, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Құрметті түлектер! Алда сіздерді жаңа белестер мен үлкен мүмкіндіктер күтіп тұр. Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болып, таңдаған жолдарыңыз сәттілікке толы болсын! Елдің дамуына үлес қосатын білімді де білікті азамат болып қалыптасуларыңызға тілектеспіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kyzylashy/press/news/details/1243676?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді