
Ағымдағы жылдың 18 маусымында аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы А. Анюхина және экономикалық мәселелер, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Г. Ахимова комиссия отырысын өткізді, онда келесі есептер тыңдалды:
1) ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Ф. Накохованың бөлімнің жұмысы және Аршалы ауданындағы қоғамдық-саяси жағдай туралы;
2) Аршалы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары А. Жандарбековтың Аршалы ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі жұмыстардың құрамы туралы;
3) Ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т. Ниевинаның 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы;
4) Аршалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының 2025 жылға арналған салық алымдарының және аудан бюджетіне төленетін басқа да міндетті төлемдердің толықтығын қамтамасыз ету.
Есептерді тыңдау барысында депутаттармен сұрақтар қойылып, пікірлер, ұсыныстар айтылды. Өткізілген отырыстардың қорытындысы бойынша тұрақты комиссиялар тиісті ұсынымдармен қаулылар қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-arshali/press/news/details/1243403?lang=ru

Жауап қалдыру