
Облыс бойынша 2022-2025 жылдары 1 млн. 318,6 мың гектар жер пайдаланылмай жатқандығы анықталды, оның 712 мың га қайта пайдалануға кірісті, 606,6 мың га мемлекет меншігіне қайтарылды, геопорталға енгізілді (2022 жылы –100 / 128,5 мың га. 2023 жылы – 220 / 246,5 мың га, 2024 жылы – 90 / 127,6 мың га, 2025 жылы – 90 / 104 мың га).
Ағымдағы жылы пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспары 40 мың га бекітіліп, бүгінгі күнге қайтқан жерлердің көлемі 32,6 мың га, жылдық жоспардан 81,6%-ды құрайды.
Қайтарылған жерлердің, 606.6 мың га ауыл шаруашылық айналымына тартылды, оның ішінде 334.6 мың га фермер қожалығымен айналысатын азаматтарға конкурспен (233.5 мың га) және инвестициялық жобамен және тағы басқадай (101,1 мың га) берілді.
272 мың га жайылымдық жерлер елді мекендердегі жеке ауладағы мал бастарын жаю үшін бекітілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-land/press/news/details/1243746?lang=ru

Жауап қалдыру