
Балабақшамен қоштасу (Қош бол, балабақша!) — бұл бүлдіршіндердің өміріндегі алғашқы үлкен белес, мектеп табалдырығын аттар алдындағы ерекше толқынысты сәт. Бұл мереке балалар үшін де, ата-аналар мен тәрбиешілер үшін де ерекше күн.
“Балдырған” бөбекжай -балалар бақшасының меңгерушісі Қозыбаева.А құттықтау сөзін сөйлеп, кішкентай бүлдіршіндерге өзінің ізгі тілегін арнады. Ата-аналар білімге баулыған тәрбиешілер мен балабақша ұжымына өз алғыстарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhylysai/press/news/details/1243314?lang=ru

Жауап қалдыру