Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қала көшелерінде балалармен және олардың ата-аналарымен кездесіп, жол қозғалысы ережелері мен жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік талаптарын түсіндірді.

Полицейлер балаларға жолды тек белгіленген жерден кесіп өту, бағдаршам талаптарын сақтау, көшеде абай болу, сондай-ақ жаз мезгілінде су айдындары мен қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелерін ұстану қажеттігін еске салды.

Кішкентай тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында тәртіп сақшылары балмұздақ таратып, оларға қауіпсіз әрі қызықты демалыс тіледі.

Осындай қарапайым кездесулер балалардың полицияға деген сенімін нығайтып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1243724?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді