BALKHASH TOUR FEST 2026: мыңдаған қонақтың қауіпсіздігін 300-ге жуық полицей қамтамасыз етуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балқаш қаласында дәстүрлі BALKHASH TOUR FEST 2026 туристік фестивалі басталды. Еліміздің әр өңірінен келген мыңдаған қонақтың басын қосқан ауқымды шараның қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысы Полиция департаментінің 300-ге жуық қызметкері жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары фестиваль алаңдарында, оған апаратын автожолдарда және Балқаш көлінің акваториясында күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және судағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау – басты назарда. Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, фестиваль күндері азаматтардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. — Полиция департаменті басшылығының тапсырмасына сәйкес Балқаш өңірінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылданды. Біздің басты міндетіміз – тұрғындар мен қонақтардың алаңсыз әрі қауіпсіз демалуына жағдай жасау. Осыған байланысты қоғамдық тәртіп, жол қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік мәселелері тұрақты бақылауда. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері моторлы қайықтармен көл акваториясында патрульдеу жүргізіп, демалушыларға қауіпсіздік талаптарын түсіндіруде. Қабылданып жатқан барлық шаралар азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған, – деді ол. Екі күнге созылатын ауқымды фестиваль барысында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті тәулік бойы бақылауда ұстап, кез келген жағдайға жедел әрекет етуге дайын. Жазғы туристік маусымның ең жарқын оқиғаларының біріне айналған BALKHASH TOUR FEST 2026 қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйласа, өңір полицейлері олардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жолында қызмет атқаруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1244151?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді