
Жаңа бизнес бастауға ниетті азаматтарды қолдау және олардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында «Кәсіпкердің қаржылық сауаттылығы» атты практикалық тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушыларға халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз мемлекеттік гранттар туралы түсіндіру, грант ұтып алу үшін қажетті талаптар мен тиімді бизнес-жобаны әзірлеу жолдарын таныстыру болды. Шараға 70-тен астам адам қатысып, олардың қатарында грант иегерлері мен кәсіп бастауға ниетті азаматтар болды. Тренингтің бас спикері Астана қаласынан келген жеке кәсіпкер Наушабек Айгерім Садықовна өз тәжірибесімен бөлісіп, грантқа өтінім беру кезеңдері, бизнес-жоспар дайындау ерекшеліктері, жобаны сәтті қорғау тәсілдері және грант қаражатын тиімді пайдалану жөнінде маңызды ақпараттар ұсынды. Сонымен қатар, қатысушылар табысты жобалардың мысалдарымен танысып, қаржылық жоспарлау, кіріс пен шығынды есептеу, сондай-ақ бизнесті тұрақты дамытуға қажетті негізгі құралдар бойынша практикалық кеңестер алды. Тренинг барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тәжірибелік бағыттағы нақты жауаптар мен ұсыныстарға ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-social-employment/press/news/details/1244088?lang=ru

Жауап қалдыру