Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.

2026 жылдың 17 маусымында Ербол Салықовтың төрағалығымен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Күн тәртібінде облыстағы мал азығын дайындау және егін жинау науқанының барысы қаралды. 2026-2027 жылғы мал қыстағына қажетті мал азығын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Облыс бойынша көктемде топырақ ылғалдылығының жақсы сақталуы және ерте көктемде жеткілікті мөлшерде жауын-шашынның түсуі нәтижесінде шөп бітік шықты. Әсіресе облыстың оңтүстік аудандарында шөп өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда жоғары. Бұл алдағы қыстаққа мол шөп қорын жинауға қолайлы мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар, биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 635 мың гектар алқапқа егілді. Егіс құрылымын әртараптандыру аясында майлы және мал азықтық дақылдар көлемі ұлғайтылды. Егін жинау жұмыстарына қажетті техника толық дайын. Өңірдің аграрлық секторын қолдау, егін жинау науқанын сапалы өткізу және мал азығы қорын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда.

Отырыс барысында депутаттар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, тиісті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1244132?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді