
Ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуде өнегелі, үлгі аларлық отбасылардың орны ерекше. Осындай берекесі мен бірлігі жарасқан әулеттердің бірі – Бірлік ауылындағы Қалиевтер отбасы.
Дүйсенбаев Қали 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталған қиын кезеңде Арал ауданында дүниеге келген. Балалық шағы ел басына түскен ауыртпалықтармен тұспа-тұс келіп, жоқшылық пен еңбекке толы болды.
1965 жылы Бірлік ауылына қоныс аударып, ауыл шаруашылығы саласында механизатор болып еңбек етті. Елдің дамуына, ауылдың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып, маңдай терімен абыройға бөленді.
1969 жылы Дүйсенбаев Қали Тоқмырза Шакизадамен бірге шаңырақ көтеріп, өнегелі отбасының негізін қалады. Шакизада анамыз 1952 жылы Бірлік ауылында дүниеге келген. Шакизада анамыз 11 перзентті дүниеге әкелген батыр ана.
Өкінішке қарай, Қали ата 2002 жылы ауыр науқастан дүниеден өтті. Алайда артында қалған ұрпағы мен тәрбиесі, адал еңбегі мен жақсы аты бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Қазіргі таңда анамыздың 6 баласы өз отбасыларымен өсіп-өркендеп, ұрпақ сүйіп, анасының қуанышы мен мақтанышына айналған.
Бүгінде Қалиевтер әулетінің ұл-қыздарынан 20 немере, 11 шөбере тараған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-birlik/press/news/details/1243475?lang=ru

Жауап қалдыру