Біржан сал ауданының прокуратурасы «Lingvo Camp» жазғы лагерінде «Қауіпсіз жол балалар үшін» акциясын өткізді.
Іс-шара барысында балаларға жол қозғалысы ережелері, жаяу жүргіншілердің міндеттері мен жолдағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.
Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылды.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1243387?lang=ru

Жауап қалдыру