Бүгін, 2026 жылғы 19 маусымда Арман Исмаилов төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Комиссия отырысына ” Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі “мемлекеттік мекемесінің басшысы Ақбопе Манатова және Қостанай қаласы әкімі аппаратының заң қызметінің басшысы Әсем Төребекова қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: 

  1. Мәслихаттың «Қылмыстық жаза мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу бойынша, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеп шыққан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмегін ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» 2022 жылғы 15 наурыздағы № 95 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 14 маусымдағы № 38 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар бірауыздан шешіммен Қостанай қалалық мәслихатының сессиясын бекітуге шешімдердің жобаларын енгізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-city/press/news/details/1244236?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді