
Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырқыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және Бұқаралық ақпарат өкілі қатысты.
Күн тәртібінде Тарбағатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы «Тарбағатай аудандық округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» №32/2-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» №11/4-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 15 маусымдағы «Жер комиссиясын құру туралы» №158 қаулысын бекіту туралы мәселелер қаралып, бекітілді.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырқыншы сессиясының жұмысы Интернет желісінде онлайн режимінде (LIVE) көрсетілді.
Онлайн трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/live/KRl_I2R2QJ4?si=_3wRfPFYGSrFUZuX

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1244142?lang=kk

Жауап қалдыру