
Целиноград ауданында аудан әкімдігінің бастамасымен алғаш рет бизнес пен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелеріне арналған кәсіпкерлер форумы өтті. Іс-шараға Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы, мемлекеттік органдардың өкілдері, шағын және орта бизнес субъектілері, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға мүдделі тұрғындар қатысты.
Форум ашық диалог форматында өтіп, өзекті мәселелерді талқылауға және кәсіпкерлікті дамытудың тиімді тетіктерін қарастыруға бағытталған мемлекет пен бизнес қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимыл алаңына айналды.
Іс-шараның ерекшелігі – оның ұлттық нақышта безендірілген этноауылдағы ашық алаңда өткізілуі болды. Бұл форумға қазақ халқының дәстүрлі қонақжайлық рухын дарытып, оның қоғамдық әрі іскерлік маңызын айқындай түсті.
Форум барысында бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде гранттық, субсидиялық және несиелік құралдар таныстырылды. Қатысушыларға «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктері, сондай-ақ ауыл кәсіпкерлігі мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған «Игілік», «Береке» және «Жайлау» бағдарламалары туралы кеңінен ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1243143?lang=ru

Жауап қалдыру