«Даму» қорының мобильді фронт-офистерінің арқасында шалғай аудандағы 300-ден аса кәсіпкер бизнесті дамыту бойынша кеңес алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин шалғайдағы елді мекендегі кәсіпкерлердің облыс орталығына бармай-ақ, мемлекеттік қызмет пен консультация алуына көмектесетін «Даму» қорының мобильді фронт-офистерінің жұмысымен танысты. Мобильді фронт-офис дегеніміз мамандандырылған шағын автобус. Онда «Даму» қорының консультанттары, әкімдіктердің, екінші деңгейдегі банктердің, «Атамекен» ҰКП, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және консалтингтік ұйым өкілдері ауыл-қалаларға барады. Кәсіпкерлер қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жергілікті жерде кеңес алып, қаржыландыру бағдарламаларына қатысуға өтінім бере алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1243026?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді