«Денсаулық игілігі жолындағы мамандық»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Медицина қызметкері күні қарсаңында халық денсаулығын қорғау мен қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға саналы ғұмырын арнаған, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тәжірибелі маманы Макенова Гүлмира Бақытбайқызына шынайы алғысымызды білдіреміз.

1992 жылы Павлодар медициналық училищесін «Санитариялық фельдшер» мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету сияқты маңызды әрі жауапты саламен байланыстырды.

Оның еңбек өтілі 29 жылдан асады, оның елеулі бөлігі мемлекеттік қызмет жүйесінде өтті. Осы жылдар ішінде Гүлмира Бақытбайқызы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында мол тәжірибе жинақтап, аурулардың алдын алу, санитариялық қадағалау және азаматтардың денсаулығын қорғау бағытында жемісті еңбек етті.

Еңбек жолында ол өзін білікті, жауапты әрі бастамашыл маман ретінде көрсете білді. Жоғары еңбекқорлығы, талапшылдығы, ұйымдастырушылық қабілеті және санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты кез келген міндетті тиімді шешу шеберлігі әріптестері мен қызмет алушылар тарапынан жоғары бағаланады.

Қазіргі таңда Гүлмира Бақытбайқызы Екібастұз қалалық санитариялық-гигиеналық бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарады.

Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамоталарымен, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ Павлодар облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.

Гүлмира Бақытбайқызының кәсіби жолы – еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің үздік дәстүрлеріне адалдықтың жарқын үлгісі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1243247?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді