
«Алматы көшесі бойымен Мәңгілік Ел даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі учаскеде көлік тоннелін салу» жобасы аясында 20 маусымнан бастап осы жылдың соңына дейін Алматы көшесінің Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі бөлігі толық жабылатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сонымен қатар, Алматы көшесі мен Ақмешіт көшесінің, сондай-ақ Алматы көшесі мен Түркістан көшесінің қиылыстары ашық болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1244280?lang=ru

Жауап қалдыру