Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Еркін жол жүру» республикалық акциясына қатысты. Акция барысында көпқабатты тұрғын үйлерге, адамдар көп жиналатын нысандарға, әлеуметтік нысандарға және өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне баратын жолдардың кедергісіз қолжетімділігіне бақылау жүргізілді. Сондай-ақ шұғыл медициналық, өрт сөндіру және басқа да қызметтердің уақтылы жетуін қамтамасыз ету үшін еркін жол жүрудің маңыздылығы туралы тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жауап қалдыру